фото: https://sputnik.kz
Қазақстан нарығына DiDi такси қайта келуі мүмкін
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қытайлық DiDi компаниясымен нарыққа қайта келу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді.
Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттар Қазақстан нарығында "Яндекс.такси" агрегаторының бәсекелесі пайда бола ма деп сұрады.
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қытайлық DiDi таксиін нарыққа қайтару үшін агрегатормен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.
"Бізге DiDi деген қытайлық оператор келді ғой, сосын ол кетіп қалды. Яндекс жалғыз қалды. DiDi келсе, екеуі қатар жұмыс істесе, бәсекелестік орта болса, мұндай бағалар болмас еді деп ойлаймын. Сондықтан осы тұрғыда тергеу жүргізіліп жатырмыз. Ал біз DiDi-мен біздің нарыққа келуі бойынша қайта келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді Мусин отырыс барысында.
Министрдің айтуынша, такси қызметін ұсынатын қазақстандық қосымша жасауға бірнеше адам талпынған. Бірақ, өкінішке қарай, қолдарынан келмеді.
"Ол нарықтық орта, бизнес. 100 млн доллармен шектеліп қалмаған бизнес. Оны жасау үшін тек қана қаражат емес, жақсы толыққанды команда керек. Бірақ осыған бет бұрған компаниялар бар. Бірақ оларды қазір атай алмаймын", - деді Мусин.
https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через