Мемлекет

Бөлісу

Қазақстан мұсылмандарына криптовалютаны қолдануға тыйым салынды

Қазақстан мұсылмандарына криптовалютаны қолдануға тыйым салынды

Қазақстан мұсылмандарына криптовалютаны қолдануға тыйым салынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы криптовалютаны қолдану дінге қайшы екеніне үш дәйек келтірді.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салынған", - деп жазылған ҚМДБ жауабында.

Басқарма оған бірнеше дәлел келтірген.

Біріншіден, шариғат бойынша кез келген ақшаны мемлекет шығарып, қорғауы керек.

"Биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржы заңдарымен қорғалмаған, нақты активі жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсіп немесе түсіп, одан адамдар зиян шегуі мүмкін. Әбу Али Хасан әт-Тауси: "Ғасырлар бойы ақша шығару құқығы патшадан өзгеге берілмеген", – деп айтқан (Сәйру әл-мулук, 233-бет)", - деп жазылған басқарманың ресми жауабында.

Екіншіден, биткоин процестер көбіне жасырын жүзеге асады. Ал бұл шариғат тыйым салған алдауға, алаяқтыққа соқтырады.

"Алла Тағала Құранда былай дейді: "Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер. Ал өзара келісіп, ризашылықпен жасаған сауда-саттықтың жөні бөлек" ("Ниса" сүресі, 29-аят). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) белгісіздік саудасына (ғарарға) тыйым салған (Муслим риуаят еткен)", - дейді басқарма екінші дәлел ретінде.

Үшіншіден, биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсер етіп, қоғамның тұрақсыздануына жол ашуы мүмкін екені айтылған.

ҚМДБ Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі сияқты ірі ұйымдар да биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салғанын мәлімдеді.

 

Дерек көзі

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через