Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
фото: sputnik.kz

Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейсін ашу бойынша келіссөздер басталды. Ресми мәліметке сәйкес, екі елдің авиациялық билік органдары бейнебайланыс арқылы келіссөз өткізді. Қазақстан сингапурлық авиакомпанияларға "ашық аспан" режимін, соның ішінде ауа бостандығының "бесінші дәрежесі" құқығын пайдалануды ұсынды. Сингапур тарапы бұл ұсынысты жергілікті авиакомпаниялармен пысықтайтынын жеткізді. Осы елдің азаматтық авиация академиясында оқу мүмкіндігінің бар екені де аталып өтті.

Шілде айында сингапурлық авиакомпаниялар мен "Сингапур-Чанги" әуежайының қатысуымен кездесу ұйымдастыруға шешім қабылданды. Сол жерде тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері тағы талқыланады.

Бүгінде "Эйр Астана" әуекомпаниясы екі ел арасындағы әуе тасымалын орындауға дайын.

Қазақпарат