Қазақстан мен Қытай фармацевтика индустриясы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Қытай фармацевтика индустриясы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
фото: sputnik.kz

Қазақстандық делегация биыл тамызда Қытайға жұмыс сапарымен барды.

"Іс-сапарда отандық фарминдустрияны технологиялар трансфері бағытында ілгерілету және инвестициялық тартымдылықты арттыру мүмкіндіктері қаралды", - дейді министрліктегілер.

Ал қытай делегациясының Қазақстанға сапары шеңберінде 20 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасында фармацевтика саласындағы үйлестіруді және іскерлік ынтымақтастықты күшейту мәселелері бойынша екі жақты форум өтті.

Министрліктің хабардауынша, президент өз Жолдауында да жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап көрсеткен.

"Қытай Қазақстанның маңызды экономикалық әріптесі болғандықтан өзара қарым-қатынас әлеуеті фармацевтикалық және медициналық индустрия саласындағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оңтүстік-Шығыс көршілермен тығыз ынтымақтастық шетелдік инвестицияларды тартып, фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және Қазақстанға инновациялық технологиялар трансферті саласында озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді, дейді ведомстводағылар.

ҚазАқпарат