фото: sputnik.kz
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында "Ақ-тілек-Автодорожный" бақылау-өткізу пункті алдында жүк көліктері кезекте тұр.
Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің хабарлауынша, қазір бақылау-өткізу пункті алдында 410 жүк көлігі кезекте тұр.
"Жүк көліктерінің осылайша жиналып қалуы – маусымдық жағдай. Бұл Қырғыз Республикасынан ауылшаруашылық өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуына байланысты.
Қырғыз және Қазақстан Республикаларының шекара қызметі тараптарынан жүк көліктеріне шектеу енгізілмеген. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", — делінген Қырғызстан шекара қызметінің хабарламасында.
Өткен тәулікте "Ақ-тілек-Автодорожный" өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға жеңіл көлік пен цемент зауыты өнімін тиеген жүк көліктерін есепке алмағанда 297 жүк көлігі кірген.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через