Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 40%-ға артып, 3,1 миллиард долларға жетті.
Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблуммен кездесде мәлімдеді.
Қазақстан сауда көлемін одан әрі ұлғайту үшін 90 тауар позициясы бойынша экспортты 800 млн долларға арттыруға дайын.
Сонымен қатар АҚШ ҚР-дағы тікелей инвестициялар көлемі бойынша жетекші орындардың бірін алады. Өткен жылы америкалық инвестициялар ағыны 2 есеге жуық өсіп, 5,1 млрд доллардан асты.
Қазақстан АҚШ-ты екіжақты және көпжақты форматтағы стратегиялық серіктес деп санайды. Бүгінгі таңда ҚР-да 900-ден астам бірлескен кәсіпорын қызметін табысты жүзеге асыруда.
"Бұрынғыдай, кең форматты өзара іс-қимылдың бүкіл күн тәртібі бойынша Америка Құрама Штаттарымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және нығайтуға дайынбыз", – деді Смайылов.
Өз кезегінде Дэниел Розенблюм ортақ мүдделер негізінде Қазақстан-Америка қатынастарын одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.
"АҚШ компаниялары Қазақстандағы түрлі салаларда өз қызметін кеңейтуге мүдделі. Бұл тау-кен металлургия кешеніне, ауыл шаруашылығына, денсаулық сақтауға, ақпараттық-коммуникациялық және "жасыл" технологияларға, сондай-ақ көлік саласына қатысты", – деді Даниэль Розенблум.
Ол 20-ға жуық америкалық компания жазда іскерлік бизнес-миссия құруды және Қазақстанға баруды жоспарлап отырғанын айтты.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через