Қазақстан қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингіне кірді. Бұл тізімде 115 мемлекет бар. Біздің ел 33-сатыға жайғасқан. «Энерджи пром» порталы осындай мәлімет таратып отыр.
Ең лас елдердің көшін Камерун, Моңғолия мен Мьянма бастап тұр.
Ең сорақысы – ТМД елдері арасында да Қазақстанның көрсеткіші көңіл көншітпейді. Әзербайжанның ғана экологиялық жағдайы біздің елмен салыстырғанда нашарлау.
Қалғаны бізден бірнеше сатыға жоғары тұр. Қоршаған ортаны қорғау үшін қаржы бөлу жағынан да ақсап тұрмыз. Былтырғы жылы инвестиция көлемі небәрі 4,3 процент қана өсім көрсеткен.
Қоршаған ортаға бағытталған инвестиция
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі инвестиция небәрі 4,3%-ке, 163,9 миллиард теңгеге дейін өскен.
2020 жылы инвестиция 157,1 миллиард теңге болған еді, бір жылда 33,8%-ке артты.
Өңірлер арасында инвестиция көлемі бойынша Жамбыл облысы алда келеді – 52,8 миллиард теңге. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есе көп.
Үздік үштікке елорда (26 млрд теңге, өсім 7 есе) мен Ақтөбе облысы (19,8 млрд теңге, өсім 2 есе) кірді. ТОП-5 қатарына Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстары қосылды.
Инвестиция көлемі ең аз өңір – Алматы облысы, 579,6 миллион теңге. Солтүстік Қазақстан облысында былтыр қоршаған ортаны қорғау секторында инвестиция байқалмады
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через