фото: © Photo : предоставлено НИУ МИЭТ
2022 жылғы IMD World Digital Competitiveness Ranking әлемдік цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан әлемнің 63 елі арасында 36-орынға ие болды, деп хабарлады Finprom.
Хабарламада ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында рейтингке тек Қазақстан ғана енгені аталып өткен. Сонымен қатар рейтингте Қазақстан Еуропаның, Азияның және Американың көптеген елін – мысалы, Португалия, Италия, Венгрия, Хорватия, Үндістан, Польша, Румыния, Бразилия және Түркияны басып озды.
"Мұндай бағалау халықаралық институт растаған цифрландыру саласындағы дамудың жоғары деңгейін көрсетеді", - деп жазды портал.
IMD World Digital Competitiveness Ranking рейтингі таңдалған 63 елдің бизнесте, үкіметте және жалпы қоғамда цифрлық технологияларды қабылдауға және пайдалануға дайындығын салыстырады. Әдістеме цифрлық бәсекеге қабілеттілікті үш негізгі фактор бойынша анықтайды:
білім;
технологиялар;
болашаққа дайындығы.
Цифрландыру саласындағы ең дамыған елдер – Дания, АҚШ, Швеция, Сингапур, Швейцария, Нидерланды, Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг және Канада.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через