Қазақстан биыл да өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті

Қазақстан биыл да өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті
фото: https://sputnik.kz

Қазақстан биыл да өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті

Өңірлерде егін орағы аяқталып қалды

Биыл Қазақстан 18 млн тоннадан астам астық жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Үкімет басшысы егін орағы аяқталып қалғанын, биыл ауа райы қолайлы болғанын атап өтті. Түсім орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады деп күтілуде.

"Жалпы 18 млн тоннадан астам астық жинау жоспарлануда. Ендігі міндет – өнімнің сапасын төмендетпей, дұрыс сақтау. Сонымен қатар ішкі сұранысқа және экспортқа қажетті астық көлемін нақты бөліп қою керек. Биыл да Қазақстан өзін астықпен толықтай қамтамасыз етті", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Айтуынша, астықтың түсімі жылдағыдан 30%-ке жоғары. Былтыр орта есеппен гектарына 9,8 центнер өнім жиналса, биыл 13 центнерді құрап отыр.

"Бұл да болса – диқандарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Осы іске атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мол өнім жинауымен құттықтап, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамыз", - деді ол.

Сондай-ақ премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдерімен бірлесіп, астық жинау науқанын тез арада толық аяқтап, астықтың сапалы сақталуын және келесі жылға қажетті астық тұқымын толығымен қамтамасыз етуді тапсырды.

Мәтіндегі ақпарат туралы