Қазақстан "азиялық Лас-Вегаспен" визасыз режим туралы келісім жасасты

Қазақстан "азиялық Лас-Вегаспен" визасыз режим туралы келісім жасасты
фото: https://pixabay.com/ru/

       Бейжіңде Қазақстан мен Макао арнайы әкімшілік аумағы (Қытай) арасында визасыз режим туралы келісімге қол қойылды.

       СІМ мәліметінше, келісім 14 күнге дейінгі мерзімге визалық талаптардан босатуды қарастырады және ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

       Бұл қадам екі тарап арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік байланыстарды дамытуға қолдау көрсетуге бағытталғаны атап өтілді.

       Макао - Оңтүстік Қытай жағалауында орналасқан арнайы әкімшілік аумақ. Ол казинолар және ойын-сауық кешендерімен танымал, бұл оны әлемдегі ірі ойын орталығына айналдырды. Макао "азиялық Лас-Вегас" деп аталады. Арнайы әкімшілік аумақ - әлемдегі ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі және Азиядағы ең ірі экономикалық орталықтардың бірі.

      Аумақ туристерді өзінің тарихи орындары, соның ішінде храмдар, көне көшелер және әсем сәулетімен қызықтырады.

      https://kaz.tengritravel.kz/