фото: bangkokbook.ru
Қазақстан азаматтығын алам деушілердің саны былтырмен салыстырғанда екі есе көбейген. Көк төлқұжаттан дәмесі барлар енді мемлекеттік тілден басқа, Қазақстан тарихы және Ата заңымыз бойынша емтихан тапсыруы шарт.
Емтиханды сала мамандары мен көші-қон қызметі алады. Ал еліміздің атын әлемге әйгілеп, жетістіктерімен көпті қуантып жүрген шетелдік спортшылар, елге қажет мамандар үшін талап жеңілдетіледі.
Алайда ішкі істер министрлігі оларға қатысты нақты норманы әзірлеп үлгермепті. Емтиханнан қазақтар мен кәмелетке толмаған балалар босатылады. Ал тексерістен сүрінгендерге қосымша бір мүмкіндік беріледі. Қазіргі заң бойынша, Қазақстанда кемі бес жыл тұрақты тұрған, болмаса, ел азаматымен үш жыл некеде болған адамдарға азаматтық беріледі.
Марат Ахметжанов ҚР Ішкі істер министрі: - Қазір Қазақстан азаматы боламын деген сұраныс бар. Оны айту керек. Қазақстан азаматы боламын деп қайтып келген. Бұрын елімізде болып, қайтып келіп жатқан азаматтар бар. Егемен ел болғасын, тек бізге ғана емес, оларға да жеңілдік талап болсын, еліміздің тарихын, тіліміздідінімізді білсін деп, осындай талап енгізіп отырмыз.
Дереккөз ktk.kz. Фото bangkokbook.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через