фото: https://sputnik.kz
Қазақстан ауылдарының 40 процентінде орталық су құбыры жоқ
Қазақстан ауылдарының 40 процентінде әлі күнге дейін орталық су құбыры жоқ.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуаңтыровтың айтуынша, ел халқының 96% таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Ведомство басшысының мәлімдемесі қоғамда сұрақ тудырды, өйткені сумен қамтуға қатысты шағым саны күннен күнге артуда.
Министрдің айтуынша, барлық қазақстандықтар суды қандай да бір дәрежеде құдықтар арқылы алып, өз ұңғымаларын жасайды.
"Сумен қамту... Егер жергілікті кен орны болса, онда жақсы. Егер жоқ болса, онда адамдар ол жерден кетуіне мәжбүр болады. Бізде жыл сайын бірнеше ауылдар осылай босап жатыр", – деп атап өтті ұлттық экономика министрлігінің аймақтық даму департаментінің директоры Дәурен Жамбайбек.
Оның айтуынша, елдегі барлық елдімекенге су тарту мүмкін емес және оның қажеті де жоқ.
Маман инфрақұрылымды жүргізуден гөрі, адамдарды ірі ауылдарға көшіру тиімдірек болады,-дейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через