Қазақстан ашық деректер рейтингісінде 48-ші орынға көтерілді

Қазақстан ашық деректер рейтингісінде 48-ші орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) рейтингісінде 6 позицияға көтерілді. 2020 жылы біздің ел 54-ші орында болған.  

2021-2022 жылдар аралығында Қазақстанның жалпы балы деректерді қамту бойынша 57-ден 59-ға, деректердің ашықтығы бойынша 65-тен 68-ге дейін артты. Рейтинг елдің статистикалық ұсыныстарының толықтығын және олардағы ақпараттың халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкестігін бағалайды.

Рейтинг қорытындысы бойынша Сингапур бірінші орынды иеленді, одан кейін Дания мен Финляндия тұр.

Open Data Inventory (BDI) Дүниежүзілік ашық деректер рейтингі Open Data Watch халықаралық коммерциялық емес ұйымы тарапынан әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото:  uzdaily.uz