Қазақстан әскери теңіз күштерін дрондармен жабдықтайды

Қазақстан әскери теңіз күштерін дрондармен жабдықтайды
фото: © AP Photo / Ariel Schalit

Қазақстан өз әскери теңіз күштерін суасты және әуеден шабуылдайтын дрондармен жабдықтауды жоспарланып отыр:

Ақтаудағы әскери теңіз базасында биыл атқарылған жұмыстарды қорытындылау барысында қорғаныс  министрлігі әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Сәкен Бекжанов әлем елдерінде жүріп жатқан қарулы қақтығыстар дронның ұрыста тиімділігін байқатқанын айтты. «Ақтау және Құрлық портының қауіпсіздігін, сондай-ақ Транскаспий дәлізінің қазақстандық бөлігі арқылы жүк ағыны өтуін әскери теңізшілер қамтамасыз етеді. Әлем елдерінде теңіз инфроқұрылымына террорлық шабуыл жасау жиілеп барады. Осы тұрғыдан жауынгерлік флот  елімізге судан келетін қатерге кез-келген уақытта қарсы тұруға дайын»,- деді  Сәкен Бекжанов. 

Айта керу керек, Қасым-Жомарт Тоқаев ел армиясының жауынгерлік қабілетін арттыру жөнінде нақты міндет қойғандықтан, әскери теңізшілер Каспийдің қазақстандық секторында дайындық деңгейін жетілдіріп жатыр. Жалпы әскерилер биыл бірнеше оқу-жаттығу өткізген. 

Оның аясында әскери кемелер мен жағалау инфрақұрылымын суасты диверсиясыз басқарылатын ұшу аппаратынан қорғауға басымдық берілген.

ҚазАқпарат