Global Fire Power ұйымы әлем елдері әскери қуатының рейтингісін жариялады. Рейтингке сәйкес Қазақстан әскер қуаты жағынан әлемде 66 орында тұр. Еліміздің рейтингтегі орыны өткен жылы да осындай болған.
Рейтингке 126 мемлекет қатысқан. Әскери қуаттың деңгейін анықтау үшін 50 ден астам факторлар ескерілген. Оның ішінде әскери қызметшілер саны, қарулы күштердің техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілуі, ревервте тұрған әскери қызметшілер саны, қорғаныс саласына бөлінетін қаржы сынды бірқатар факторлар қамтылған. Алайда, арсеналда ядролық қарудың болу болмауы есепке алынбаған.
Сонымен қатар, Global Fire Power ұйымы рейтингке қатысқан елдердің орналасқан жерлерін, әскери теңіз күштерінің болуы немесе жоқ екендігін де ескерген. Әрі халық санының да, елдің экономикалық мүмкіндіктерінің де бұл рейтинг үшін маңыздылығын назардан тыс қалдырмапты. Нәтижесінде, 2016 жылғы әскери рейтингте де көп өзгеріс жоқ. Әдеттегідей әлемдегі ең қуатты әскери держава ретінде АҚШ танылған.
Әскерінің саны, техникалық жарақтандырылуы мен әскери бюджеті жағынан АҚШ- қа жететін ел жоқ. Бұл елдің әскери бюджеті 581 млрд долларды құраса, 2014 жылы екінші орынға шыққан Ресейдің әскери бюджеті биыл 46 млрд доллар. Ал, 2013 жылы екінші орынға шығып, кейін рейтингтегі позициясын әлсіретіп алған Қытай биыл тағы да үшінші орында тұр. Бірақ, Қытайдың әскери бюджеті 146 млрд долларды құрап, Ресейдің бұл салаға бөлетін қаржысынан үш еседен астам көп болып тұрған жайы бар.
Рейтингке өткен жылы 123 мемлекет қатыстырылса, биыл олардың саны 126 болыпты. Ең мықты әскери державалардың ондығын Түркия түйіндеп тұр. Сонымен қатар, ондыққа АҚШ пен Ресей, Қытай үшеуінен басқа Үндістан, Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея, Германия, Жапония енген. Ал, Қазақстан 66 орында тұр.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстанның алдында Украина, Беларусь, Өзбекстан мен Әзербайжан тұр. Украина 25 орында болса, Беларусь 45, Өзбекстан 54 орында. Дегенмен, биыл да рейтингте көп өзгерістер жоқ.
Тек 2015 жылға қарағанда АҚШ-тың әскери бюджеті 4 млрд долларға, Қытайдың әскери бюджеті 10 млрд долларға өссе, Ресейдің әскери бюджеті 14 млрд долларға төмендепті. Global Fire Power Қазақстанынң қорғаныс саласына бөлген қаржысында өзгеріс байқалмағанын жазған.
Kaznews.kz

Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через