Мемлекет
Автор: Жұматаева Шынар

Бөлісу

Қазақстан Әмірліктермен бірлесіп 6 млрд доллардың инвестициялық жобасын жүзеге асыруда

Қазақстан Әмірліктермен бірлесіп 6 млрд доллардың инвестициялық жобасын жүзеге асыруда

Қазақстан Әмірліктермен бірлесіп 6 млрд доллардың инвестициялық жобасын жүзеге асыруда

Үкімет төрағасы Асқар Мамин Әмірліктерге жұмыс сапары аясында 9-10 қазанда БАӘ Президенті Істері жөніндегі министрліктің басшысы шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен, сондай-ақ Abu Dhabi Developmental Holding Company және Әмірліктердің басқа да жетекші кәсіпорындарының мемлекеттік даму институттары мен холдингтерінің басшы буынымен кездесу өткізді.

Бұған дейін әртүрлі деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген бірлескен келісімшарттарды іске асыру барысына басты назар аударылды. Жоғары лауазымды саясаткерлер сауда, экономика, инвестициялар, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және басқа да перспективалы бағыттардағы өзара тиімді негізде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Қазіргі уақытта әмірліктің жетекші компанияларының белсенді қатысуымен Қазақстан Республикасында жалпы сомасы 3,5 миллиард американдық долларға 11 ауқымды инвестициялық жоба енгізілуде.

Екі жақты кездесу соңында тараптар арасында түрлі экономикалық салалардағы ірі ауқымды жобаларды іске асыру бойынша әріптестік туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Аталған құжат инвестицияларының жалпы көлемі алты миллиард АҚШ долларынан асатын энергетика, АӨК, көлік, логистика, фармацевтика және қаржы сияқты салалардағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через