"Қазақмыс" зауытының тозығы жеткен жабдықтары Балқаш экологиясын ластап жатыр

"Қазақмыс" зауытындағы тозығы жеткен жабдықтардан Балқаштың экологиясы зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды "Вечерняя Караганда" басылымы.
"Балқаштағы атмосфералық ауаның ластануы Kazakhmys Smelting мыс балқыту зауыты жабдықтарының технологиялық тозуынан болды", - деді тұрғындармен кездесуде Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Исжанов
Биыл қазанда кәсіпорын күкірт қышқылы зауытын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауға тиіс. Бұл зиянды шығарындылар көлемін жылына 50% немесе 31 мың тоннаға дейін азайтады.
"Қазір құрылыс-бөлшектеу және дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Балқаштың ірі кәсіпорындары тұрақты бақылауда", - деп сендірді экологиялық ведомстводан.
Өткен жылы Балқаш қаласы бойынша нақты зиянды шығарындылар 78,5 мың тонна болған. Оның жартысынан көбі(73,8%) Балқаш мыс балқыту зауытына (57, 7 мың тонна) тиесілі.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через