фото: sud.ua
Алматы қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желіде қазақ тілін «мамбет тілі» деп мәлімдеме жасаған қыздың әрекетіне қатысты тергеу жүргізеді, деп хабарлады Standard.z порталы Polisa.kz сайтына сілтеме жасап. .
«Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) нормаларына сәйкес, тергеу жүргізіп, заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек тілші сауалына жауап бере отырып.
Тоқтала кетейік, ол қыз видеода қазақ тілін ұнатпайтынын алға тартып, Алматыға келетін ауыл тұрғындарына қатысты ар-намысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через