Қазақ футболын жемқорлық жайлаған. Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан

Қазақ футболын жемқорлық жайлаған. Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан

Әлемдегі әрбір елдің танымалдығы,  абыройы – оның спорттағы, соның ішінде кәрі-жас түгел қызықтап қарайтын футболдағы жетістігімен тығыз байланысты екені анық. Сондықтан дүние жүзінің көптеген мемлекеті футболды, оның жетістіктерін жан-жақты дамытуға, кеңірек насихатауға ерекше көңіл бөледі. Ал өз еліміздегі футболдың жағдайы қандай?

Неге қазақ футболының «көсегесі көгермейді»?

Неліктен елімізде спорттың осы түріне қажетті база, заманауи стадиондар, инфрақұрылым  жоқ?

Әрбір саналы азаматтың көкейінде жүрген осы, басқа да сұрақтарды  Standard.kz порталы дайындаған «Өзекті мәселе» бағдарламасының қонақтары: спорт шолушысы, белгілі журналист, қаламгер Есей Жеңісұлына және «QazSport» телеарнасының тілшісі, спорт комментаторы Руслан Бақытжанға қойған едік.

Фото: ru.sputnik.kz.