Қаза тапқан орманшылардың отбасы ұшақпен тегін ұшады

Қаза тапқан орманшылардың отбасы ұшақпен тегін ұшады

       Семейде орман өртеніп, 15 адам қаза тапты.     

       Ормандағы өртті сөндіремін деп қаза тапқан орманшылардың отбасы жыл соңына дейін FlyArystan-ның ұшағымен тегін қатынай алады.

       «Оларға Семейден Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және кері бағытта 2023 жылдың соңына дейін бір рет тегін жүру мүмкіндігі беріліп отыр. Сондай-ақ әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан гуманитарлық жүктерді жеткізуге қолғабыс етуге әзір», – делінген ресми хабарламада.

       Бұған дейін бұқаралық аөпарат құралдарынан орманшылардың арнайы киімі болмағаны жөнінде жазылған болатын.

       Aikyn.kz