Әлеуметтік желіде асфальт үстіне жұмыртқа қуырып жүрген жігіттің видеосы тарады. Онда тұрғын трассаға табаны қойып, ішіне май құяды.
«Күн 44 градус ыстық. Табаны 10 минут қыздырып алайық», - деген ол шыжғырылған майға жұмыртқа салып, қуырып көрсетеді.
Шынында да Түркістан облысында соңғы аптада аптап ыстық болды. Тіпті өңірдің кей аймақтарында күн райын өлшегіш құрылғылар 59 градусты көрсетті. Батыс Қытай-Батыс Еуропа автобанының бетоны күннің ыстығынан тағы да көтеріліп кетті.
Ал, синоптиктер Түркістан облысында ауа темперетурасы күн сайын төмендеп келе жатқандығын айтуда. Мәселен, ертеңге +39 градус болса, аптаның соңына қарай +37 болмақ.
«Тек шөлді аймақтарда +40 градус ыстық сақталады» - дейді мамандар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через