фото: sputnik.kz
Астанада Eolus қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастырушысы ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.
Сотталушы 2023 жылы Еnergy eolus QAZAQSTAN компаниясына АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу үшін жеке тұлғалардың ақшасын тартқан.
Ақша криптовалюта түрінде тартылған және есепке алу және қайта бөлу үшін energyeolus.info платформасында көрсетілген, оны шетелдік хакерлер жасаған.
Астанада 535 адам өз қаражатын салған.
Сот шешімімен 187 млн теңгеге баламалы 408 мың USDt мөлшеріндегі криптовалюта мемлекет кірісіне тәркіленді.
Тетер (USDT) – бағасы доллар құнына байланысты гибридті крипто-фиат валютасы. Бір USDT бір АҚШ долларына тең.
Сот ұйымдастырушыны кінәлі деп тауып, мүлкі тәркіленіп, азаматтардың ақшалай қаражаттары мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айырды және 6 жылға үкім шығарды.
Агенттік қаржы пирамидасын құрғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік пен жаза қарастырылғанын еске салды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через