Қаржы пирамидалары азаматтарға өте жоғары және ең бастысы кепілді кіріс ұсынады.

Қаржы пирамидалары азаматтарға өте жоғары және ең бастысы кепілді кіріс ұсынады.

       Психологиялық қысым көрсете отырып, олар салымшылардың негізгі қорғанысын – сыни тұрғыдан ойлауды айналып өтуге тырысады. Қазіргі заманғы алаяқтардың схемалары. Қаржы пирамидасы қалай жасырына алады? Қаржы пирамидасын жасаушылар өздерінің алаяқтық схемаларын әртүрлі тәсілдермен жасыруға тырысады. Олар бағалы қағаздармен, зергерлік бұйымдармен, криптовалюталармен, туристік жолдамалармен және басқа да тауарлармен немесе қызметтермен сауда жасаймыз және заңды түрде деп сендіруі мүмкін. Алайда, мұндай ұйымдардың жалғыз мақсаты жоғары кірісті жобаға сенетін сенгіш азаматтардан ақша тарту екенін түсіну керек, бұл айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

       Тез және оңай ақша табудың жолын іздеу жақсы идея емес, өйткені алаяқтарға сенетін және ақша аударатын азаматтар қаржы пирамидасы құлаған кезде әрқашан «санын соғып» қалады. Кез келген қаржы пирамидасының басты ерекшелігі – өте жоғары кірістілік пен салынған ақшаны жылдам қайтару уәдесі.

       Ұйымдастырушылар әр жаңа қатысушы үшін түрлі бонустар, жеңілдіктер немесе тіпті тікелей төлемдер ұсына алады. «Егер сіз тағы екі салымшы әкелсеңіз, кірістілік айына 20% емес, 30% болады», - деп уәде береді алаяқтар. Бұл ретте олар салымшы кірістіліктің шынымен жоғары екендігіне және ең бастысы төленетініне сенуі үшін бастапқы жарна ретінде аз мөлшерде қаражат салуды ұсынады. Алайда, қазіргі пирамиданың өмірлік циклі бірнеше ай ғана екенін ескерген жөн.

       Осы уақыт ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белсенді және «міндеттеп таңылатын» жарнаманың көмегімен ұйымдастырушылар сенімді салымшылардан мүмкіндігінше көп қаражат жинауға тырысады. Қиын сәт басталған кезде, яғни жаңа салымшылардың ағыны алдыңғыларды ұстау шығыстарын өтемеген кезде, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жоғалып кетеді. Сондықтан неғұрлым ұзақ уақыт және көп ақша салсаңыз, сол қаражатты жоғалту қаупі соғұрлым жоғары болады.

       Соңғы уақыттары қаржы пирамидасы көп жағдайда консалтингтік немесе инвестициялық компаниялардың атауымен бүркемеленеді. Алаяқтар азаматтарға тікелей олардың ұйымдары арқылы инвестициялар салу арқылы қаржы нарығында ақша табу көзін ұсынады. Сіздің салымдарыңыз бен жоғары табысқа кенелуіңіз тек сізге байланысты екенін олар «барынша қамту әсерімен» ынталандыруға тырысады. Яғни, қандай да бір құрал түріне қаражат неғұрлым көп салынса, кірістілік соғұрлым жоғары болады. Бұл, әрине, мүмкін емес.

       Заманауи қаржы нарығында бірде-бір құрал жоғары кірістілік, оның үстіне кепілдендірілген кірістілік көрсете алмайды. Мұндағы ірі табыс жоғары құбылмалылық пен жоғары дәрежедегі тәуекелмен тікелей байланысты. Ол жөнінде, барлық ресми брокерлер бірден ескертетінін айта кеткен жөн. Айтпақшы, ресми брокердің ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болуға тиіс. Биржада сіздің операцияларыңызды жүргізу бойынша өз қызметтері үшін комиссия алады, ол шартта алдын ала жазылады.

       Қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және реттеушінің депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізуге лицензиясы жоқ және тиісінше қаржы реттеушісі тарапынан бақыланбайды. Бұл ретте, реттелмейтін ұйымдарға ақша салу ақшаңыздан толық айырылу қаупінің жоғары деңгейімен қатар жүретінін түсіну керек, себебі оның қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сенімге негізделген және ақшаны беру мен шоғырландыру жөніндегі әрекеттерді қатысушылардың өздері жүзеге асырады. Егер сіз өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйым Агенттіктің лицензиясына ие болса, онда сіз Агенттікке шағыммен жүгіне аласыз, бірақ қаржылық пирамидалар жағдайында сіздің ақшаңыздың сақталуына ешкім кепілдік бере алмайды. Ұйымдардың лицензиясының бар-жоғын Агенттіктің ресми сайтында тексеру қажет.

       Қаржы пирамидасының басты мақсаты – оған қатысушыларының емес, ұйымдастырушылардың кіріс алуы! Бүркемеленудің тағы бір танымал тәсілі – желілік маркетинг, ол сізге «ерекше/бірегей», «керемет», «пайдалы» тауар немесе «арнайы», «шектеулі» қызмет ұсынады. Бұл косметика, сағат, акцияларға ақша салуды үйретуден бастап клубқа мүшелікке дейін түрлі қызметтер, круиздер, саяхат және ойын-сауық сияқты ұсыныстар болуы мүмкін. Қаржы пирамидалары, тұтастай алғанда, түрлі салаларда – сақтандыру секторында, жылжымайтын мүлік нарығында, Форекс-нарығында және т.б. белсенді жұмыс істей алады.

       Егер жалған инвестициялар жеткілікті дәрежеде дамыған аудитория үшін оларды алдау болып табылса, қаржылық сауаттылығы төмен адамдар үшін алаяқтар ақша табудың әртүрлі платформаларын ойлап тапты. Бұл жалған желілік ресурстар, онда қаржы нарығында автоматты түрде ақша табудың белгілі бір бағдарламасы жасалды және оны жасаушылар оны азаматтарға ұсынуға дайын деген ақпараттар орналастырылады. Мұндай платформалар жалған брокерді басқаруға ақша беруге сендіру міндетін орындайды. Бұл ретте алаяқтар өз салымшыларының табыс тарихын көрсете отырып және қысқа уақыт ішінде өзіңізге қалаған нәрсеңізді ала аласыз деп уәде бере отырып, «алдап соғуды» өте жақсы көреді. Бірақ сіз алаяқтардың басты мақсаты сіздің табысыңыз емес, өздерінің мақсаттарына қол жеткізу екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан кез келген салымнан бұрын барлық ақпаратты сыни тұрғыдан қарап, оларға мүмкіндігінше көп сұрақ қою өте маңызды.

       Ақшадан айырылып қалмай тұрып жасалатын жеті тексеру тәсілі: Компанияның беделін және ол берген ақпараттың дәйектілігін зерделеңіз. Депозиттерді тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымдарының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен берілген қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс. Егер Сізде қаржы пирамидасымен байланысқаныңыз туралы күдік пайда болса, Сіз дереу құқық қорғау органдарына және қаржы реттеушісіне жүгінуіңіз қажет. Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпаратпен танысыңыз, сондай-ақ оның қайда тіркелгенін біліңіз. Басшылық туралы деректер құпияландырылса, ал компанияның өзі белгілі бір оффшорлық аймақта тіркелген болса, онда оған өз жинақтарыңызды орналастырмас бұрын ойлану керек. Компанияны оффшорлық аймақтарда тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, ал шынайы иесінің атын немесе осы құрылымның басында кім тұрғанын білу – өте қиын. Сондықтан міндетті түрде компанияның барлық жарғылық және құрылтай құжаттарын ұсынуын сұраңыз. Ең алдымен, компания лицензияланған ба және өз қандай нормативтік және рұқсат беру құжаттары негізінде өз қызметін жүзеге асыратынын біліңіз. Сондай-ақ оның неден және қанша тауып отырғанын түсіну үшін компанияның есебімен танысқан жақсы. Егер инвестициялардың жоғары кепілдендірілген кірістілігі уәде етілсе, сақ болыңыз.

       Алаяқтар психологияны жақсы біледі және адамның жылдам әрі оңай баюға деген қарапайым қалауын пайдаланады. Сондықтан пирамидалар жылдық 20, 50, 100% кірістілікті уәде етеді, өйткені бұл уәдені орындау ойларында жоқ. Компания қызметінің ерекшелігі түсініксіз болса, салым жасауды қоя тұрыңыз. Ақшаны қайтарудағы нақты механизмнің болмауы да ойландыруы тиіс. Мысалы, Сізге қаражат белгілі бір сомаға жеткеннен кейін ғана қайтарылады десе. Сіздің салған қаражатыңызды басқаруға және қажет болған жағдайда алуға мүмкіндігіңіз болу керек. Мұндай мәліметтер әдетте шартта жазылады. Құжатқа қол қоймас бұрын онымен мұқият танысып шығу керек, түсініксіз тармақтар болған жағдайда, мамандармен кеңескен жөн. Есте сақтаңыз, шақыру жарнамасы жоғары пайызбен салым жасауға себеп емес, уәделердің орындалуына күмәндануға себеп. Жаңа салымшыларды тартқаны үшін сыйақы ұсына ма? Бас тартыңыз - бұл сізді қаржы пирамидасына тартудың нақты белгісі. Қарыз шартын ұсына ма? Бұл пирамида құрушылардың ең көп тараған әдісі екенін біліңіз. Әдетте, мұндай қарыз шарты әртүрлі дәлсіздіктермен және ескертулермен жасалады, осылайша келісімшарт жасасқан компания «сүттен ақ, судан таза» шығуы мүмкін.

       Сондықтан қаржылық қызметтерді тұтынушылар шарттың талаптарымен мұқият танысып, түсініксіз позициялар болған жағдайда тәуекелге бармауы және оларға өз ақшаларын бермеуі қажет. Компания сізді корпоративтік іс-шараларға, түрлі жүлделердің, сыйлықтардың, жолдамалардың ұтыс ойындарына қатысуға шақырады ма? Бас тартыңыз! Бұл – пирамидаларға жаңа салымшыларды тартудың ең танымал әдістерінің бірі. Осылайша, бір жағынан, «табысты және пайдалы компания» бейнесі қалыптасады. Ал екінші жағынан, күмәнданған қатысушыларда «корпоративтік рух» нығаяды, бұл оларға заңды мәреге – күйреуге қарай бет алған пирамидадан кетуге мүмкіндік бермейді. Компания ақшаны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақша қабылдайды не компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын және өз қызметінің сенімді бухгалтерлік есептілігін қолданбай, онлайн-төлемдер мен аударымдардың түрлі жүйелерін пайдаланады.

       Ақпарат дереккөзі