Ардагер мұны халықаралық үрдіс атап, жастар жасының 29-дан 35-ке дейін көтерілуімен байланыстырады.
Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеру қажет, деді генерал-майор, "ҚР Қарулы күштері ардагерлері" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Нағұманов "Жас қазақ" басылымында жарық көрген сұхбатында.
"Қазір елімізде жастар жасы 29-дан 35-ке дейін көтерілуде. Бұл – халықаралық үрдіс. Тиісінше, мерзімді әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеру қажет", – деді генерал-майор.
Сонымен қатар ардагер қазір сарбаздың келбеті өзгергенін атап өтті.
"Қазіргі әскери қақтығыстарда ұрыс жүргізу тактикасы түбегейлі өзгерді. Жаңа технологиялар барған сайын тиімді және кеңінен қолданылуда. Осылайша қазіргі сарбаздың келбеті де өзгеріп отыр. Қазақстанға барлық жағынан дамыған, дайындалған сарбаздар қажет. Олар неғұрлым ересек болса, соғұрлым толысқан, моральдық-психологиялық тұрғыдан ұстамды, білімді, мамандықтары мен дағдылары бар азаматтар болады", – деді Марат Нағұманов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через