фото: © Photo : Pixabay / Madeleine Lewander
Қарқаралыда ауыл ішіне кірген қасқыр үш адамға шапты, деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.
Жыртқыш адамдарға жұмысқа бара жатқанда таңғы алтыда шабуыл жасаған. Тұрғындардың айтуынша, жануар ауылға орманнан келген.
Жергілікті ауруханаға үш адам жүгінді.
"Зардап шеккен үш адам аудандық ауруханаға жүгінді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді, жараларды емдеп, өңдеген соң, екпе салынды", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір тиісті органдар жануарды аулаумен айналысып жатыр. Полицейлер ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды ұстау шараларына кірісті.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через