фото: inform.kz
Қытайда тұратын қазақ әженің әрекеті елді сүйсіндірді. Қытайдың әлеуметтік желілерінде қазақ әженің енесі өлген қарлығаш балапандарын тамақтандырып жатқан видеосы кеңінен тараған.
Видеода әже өзі тойға кеткенде тошала үйіне ұя салған қарлығаштың енесін мысық жеп қойғанын айтады.
Жаны ашыған әже қарлығаш балапандарына аналық мейірімін төгіп, тамақтандырып жатқаны видеоға түсірілген. Әже балапандарға күріш қайнатып беретінін, жұрмыртқа беретінін айтады.
Мейірбан ананың бұл ісі желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп, қызу талқысына түсіп жатыр.
«Қазақ - өте мейірбан халық», «Ананың мейірімі шексіз», «Апа, бұл мейіріміңізді Алла тағала сауапқа жазсын», «Сол жақтағы бірінші балапанға азық аз тиіп жатыр», «Мейірім қанмен беріледі! Керемет көрініс!», «Құдай-ай! Обал болған екен. Қанаттары қатайып ұшып кетсін! Қарлығаш құс та әулие ғой!», деп жазады пікір қалдырушылар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через