WhatsApp

Қарияны өрттен құтқарған ағайынды оқушыларға министр алғыс айтты

Қарияны өрттен құтқарған ағайынды оқушыларға министр алғыс айтты

23 қаңтарда сағат 16:38-де Қарағанды қаласы Жеңіс көшесінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

6 шаршы метр аумақта тұрғын үйге жалғанған қазандықтың жиһазы, тұрмыстық техникасы, ішкі ағаш қаптамалары, төбесі жанған. Өртті өрт сөндірушілер сөндірді.

Өрт кезінде қарды тазалауға көрші үйде тұратын 15 жастағы Ерасыл мен 14 жастағы Қанат көмектескен. Олар көршілерінің үйінен түтін шығып жатқанын көрді және құтқарушыларды шақырды. Жігіттер еш ойланбастан көмекке ұмтылды, түтін ішінде қалған қарияны құтқарды.

Көп ұзамай Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев егде жастағы көршілерін өрттен құтқарған қарағандылық оқушыларға, ағайынды Ерасыл мен Қанат Смағұловтарға алғыс хат жолдады. Жеткіншектердің арқасында өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Олар қаладағы №12 мектепте білім алады.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: gov.kz