Қарақұмық ботқасы пайдалы

Қарақұмық  ботқасы  пайдалы
фото: https://sputnik.kz

 Қарақұмық  ботқасы  пайдалы

Дәрігерлер көп жармаларға қарағанда қарақұмықтың құрамында ақуыз бен темірдің мөлшері көп екенін айтады. Сондықтан ол таңғы ас немесе гарнир үшін таптырмас тағам. Қарақұмық ботқасының құрамында сондай-ақ йод, калий және басқа да маңызды микроэлементтер бар. Сонымен қатар қарақұмықтың құнары аз, сондықтан артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін ең тиімді жарма саналады.

Диетолог қарақұмық ботқасын таңғы ас ретінде тұтынуға кеңес берді. Сарапшының пікірінше, тамақтану жүйесі көмірсулардың қатты төмендеуін болдырмайтын физикалық белсенді адамдар бұл жарманы аптасына кемінде төрт рет, қаласа күнде жеуіне болады.