Алматы облысының тәртіп сақшылары Іле ауданының аумағында "қарағашты заңсыз отады" деген күдікпен екі тұрғынның үстінен түсіп, екеуін де ұстап алды.
Облыс аумағында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғатты қорғау полициясы арнайы рейд ұйымдастырып, Іле ауданындағы Қосөзен ауылының орман шаруашылығынан заңсыз қарағаш кескен 54 және 27 жастағы екі азаматты ұстады. Қазіргі таңда келтірілген шығынның сомасы анықталуда.
Күн суытқалы Алматы облысының аумағында браконьерлік, заңсыз балық аулау, заңсыз ағаш кесу, жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың басқа да фактілерін анықтау мақсатында "Браконьер" жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр екен.
Алайда
"Қарағаш Қызыл кітапқа еніп кетті ма?", "Көмір жоқ болса қатып өле ме", "Біздің полиция айыппұл салғаннан басқа не біледі?", "Сендер еккен ағаш емес қой, адамға жандарың ашымайды екен" деген сарындағы пікірлерін білдіріп жатыр онсыз да қымбатшылық пен шарасыздықтан шаршай бастаған халық желіде.
Zakon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через