Қарағандылық оқушы Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында жүлделі орын алды

Қарағандылық оқушы Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында жүлделі орын алды

Қарағандылық 10-сынып оқушысы EJOI-2022 информатика бойынша Еуропалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасында 2-орын иеленді.

Украина ұйымдастырған EJOI-2022 информатика бойынша Еуропалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасына 32 елден 172 оқушы қатысты. Қазақстан құрамасының намысын 8 адам қорғады – олардың барлығы зияткерлік жарыстардың жүлдегерлері. Қарағанды қаласының №1 Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Абзал Бекежан күміс медальға ие болды.

«Олимпиадалық жетістік – бір күннің, тіпті бір айдың нәтижесі емес. Әдетте балалар пәндік олимпиадаларға 6 немесе 7-сыныптан бастап қатыса бастайды, ал Абзал 8-сыныптың ортасында информатика жарыстарына кірісті. Өз бәсекелестерінен сәл кейін бастады. Дегенмен, ол айтарлықтай жетістікке жетті. Жасөспірімдер олимпиадасына ол алғаш рет қатысып отыр. Мектепте жұмыс істеген 8 жыл ішінде менің оқушыларым әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға 531 рет қатысып, 281 медаль жеңіп алды», - дейді Абзалдың оқытушысы Нұрсұлтан Ахметов.

Дереккөз ҚазАқпарат.