Қарағанды супермаркеттерінде сатып алушылар қант талап алып жатыр. Қалалық әкімдік бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаладағы супермаркеттердің бірінде сатып алушылар қантқа таласып, сөрелердің тас-талқанын шығарып жатыр.
Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Қалалық әкімдік жағдайды түсіндірді.
«Аян» супермаркетіндегі дүрлігуге қатысты әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға орай мынаны хабарлаймыз. Бүгінгі таңда логистикалық бағыттардың өзгеруіне байланысты қалаға қант вагондарын жеткізуде кідіріс болып отыр. Соның салдарынан қаланың сауда объектілеріне қант тапшылығы туындады. Ал халық тарапынан қантқа деген сұраныс барынша артып жатыр. Сатып алушыларды көбірек қамту және бірқатар сауда объектілерінің алыпсатарлық жасауына жол бермес үшін жоғары сұранысқа ие тауарларды бір қолға беруге шектеу қою практикасы қолданылады. Осыған байланысты қала тұрғындарын дүрбелеңге бой алдырмай, қажет болмаса көп мөлшерде қант сатып алмауға шақырамыз», - деп хабарлады әкімдік.
Фото: skolko-stoyat.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через