фото: pixabay.com
Әділ Советов жазу мен оқуды білмесе де, графикалық ойындардың хас шебері болып алған. Бұл тураплы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сільеме жасап хабарлайды.
Біле білгенге бұның өзі нағыз спорт. Одан әлем чемпионаттары да өтіп тұрады. Оның тілі енді шығып келеді. Бірақ оқып туғандай осы ойынға келгенде ойқастайды келіп. Интернеттегі қарсыластары еріксіз бас шайқайды. Шетелдің не бір мықтылары оның шеберлігін мойындаған.
Әлім Советов, Әділдің әкесі: - Кішкентай баланың үлкендерден де жақсы ойнайтыны оларға қызық. Қарсыластары Әділді жеңе алмай әуре сарсаңға түсіп жатады. Қазір әлеуметтік желілерде парақшаларымызды аштық. Болашақта балам киберспортқа барғысы келсе қолдау көрсетеміз. Маған көбісі баланың көп уақыт ойнауы зиян деп жатады. Әлбетте оған ата-анасы ретінде біздей жанашыр жан жоқ.
Әділдің ойынына әсіресе Еуропа мен Америка жақтан қолдау көп. Себебі онда киберспорт жақсы дамыған. Жеткіншек жақында 7-ге толып, күзде мектеп табалдырығын аттайды. Болашағын кибер саламен байланыстырып қойған. Бірақ невролог мамандар жас баланың компьютер алдында өтетін уақыты қатаң бақылануы керек деп есептейді.
Ираида Бабаева, балалар неврологы: Балалар үшін мобильді телефонда, компьютерде виртуалды ойындар ойнауының еш зияны жоқ. Себебі бұл реакцияны, абстракцияны, логиканы дамытады. Бірақ бұл аз уақыт демалыс сияқты болу керек. Тәулігіне әрі кетсе 1 сағат. Одан көп болмағаны дұрыс.
Мұндай танымалдықты Әділ де, ата-анасы да күтпеген. Баланың тікелей эфирде жүргізетін стримдері 12 млн-нан астам қаралым жинаған. Ойында озат бала жақында Counter-Strike ойнының әлемдік жас таланттары тізіміне енген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через