фото: © Photo : Рixabay/Comfreak
Қарағандыдағы жылу орталығында апат болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
ЖЭО-3-те техникалық ақау салдарынан апат болған. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы электр жарығынсыз қалды.
"Сағат таңертеңгі 10:00-де электр жарығы өшіп қалды. Апат болды деп жатыр. Интернет мүлдем істемейді. Көшедегі бағдаршамдар да істемейді. Әсіресе орталық жолдарда көлік қозғалысы қиындап жатыр ", - дейді қала тұрғыны Бақытгүл Матуова.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ЖЭО-3-те технологиялық ақау анықталып, салдарынан 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілген.
"Апаттың неден болғаны анықталып жатыр. Ал жарықсыз қалған абоненттер саны әлі белгісіз. Ол да анықталады", - дейді әкімдік.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через