Қарағанды облысында кокс шығаратын арнайы зауыт іске қосылды

Қарағанды облысында кокс шығаратын арнайы зауыт іске қосылды
фото: sputnik.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт жұмысын іске қосты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Зауыт Қарағанды ​​облысындағы "Шұбаркөл Көмір" АҚ, "Шұбаркөл" көмір кенішінің аумағында орналасқан.

Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік қуаттылығы – жылына 400 мың тонна арнайы кокс.

"Негізгі өнімдерімізден басқа, біз жылына 70 000 т көлеміндегі көмір шайыры мен көмір майын өндіруді жоспарлап отырмыз. Өндіріс шикізаты ретінде Шұбаркөл разрезінің Д маркалы көмірі пайдаланылатын болады", - дейді "Шұбаркөл көмір" АҚ бас директоры Сергей Ким.

Айта кетері, жоба бүгін елордада өткен "Қазақстан қамту 2.0" халықаралық форумы аясында ресми түрде қосылды.

ҚазАқпарат

 © Photo : Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі