фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@jaxon-matthew-willis-55957128/
Қазақстанда әскерден жалтарушылар саны азайып келеді. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов айтты.
Офицердің айтуынша, екі жылда әскерден жалтарушылар саны айтарлықтай қысқарған.
"Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын олар (әскерден жалтарушылар - еск.) шамамен 35-40 мың адам болды. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша - 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды", - деді Досымов ОКҚ брифингінде.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через