Қай өңірдің жолы өте нашар - министрлік жауабы

Қай өңірдің жолы өте нашар - министрлік жауабы

Сапасы өте нашар жолдар батыс өңірде. Асфальты сын көтермейтін өңірлердің тізімін Атырау облысы бастап тұр. Одан кейін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Индустрия министрлігі осы үш облыстың әкімдеріне тиісті ескертуді бердік деп отыр.

Ал жолы тегіс өңірлер тізімінде Маңғыстау облысы  — бірінші тұр. Одан соң Жамбыл және Алматы облыстары бар.

Жол сапасына жауапты Индустрия министрлігінің дерегінше, биыл жалпы өңірлердегі жол құрылысына 372 миллиард теңге бөлінген. Қыруар қаржыға негізінен 4600 шақырымның еңбегі етілуі керек болған. Оның тек тең жартысынан астамы аяқталыпты. Осыдан екі ай бұрын мәжілісмендердің алдына келген Индустрия және инфрақұрылым даму министрі Қайырбек Өскенбаев елдегі автожолдың 80 пайызы жарамды деп депутаттардың сынына ұшырған.

Жол сапасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 141 елдің ішінде 93 орында екен. Тіпті Кения мен Танзания біздің алдымызда деп мәжілісмендер Өскенбаевты біраз састырған. Министр өз кезегінде болашақта бұл мәселені ақылы жолдар арқылы шешпекпіз деп те ақталған еді. Жолға жауапты ведомство келер жылдың жоспарын әзірлеп қойыпты. 

Келесі жылы жалпы 11,2 шақырым жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ол республикалық жобалар бойынша 6 мың шақырым. Жергілікті жобалар бойынша 5 мыңдай шақырым жолдар қамтылатын болады.Нұрболат Қуандықов, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрілігі,  автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы.

Дереккөз ktk.kz. Фото: mk-kz.kz.