Президент бас сейсмологқа жер сілкінісін болжаудың ғылыми әдістерін енгізуді тапсырды

Президент бас сейсмологқа жер сілкінісін болжаудың ғылыми әдістерін енгізуді тапсырды
фото: Пресс-служба президента Казахстана

     Дәулет Сәрсенбаев былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді.

     Мемлекет басшысы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевты қабылдады.

     Кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды.

     Дәулет Сәрсенбаев былтыр қала аумағында орналасқан 16 сейсмикалық станцияның 11-не 527 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып алынғаны туралы мәлімет берді.

     2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының нәтижесінде 25 бақылау пункті ашылды. Халықаралық ынтымақтастық аясында 10 жаңа станция ішінара жаңғыртылып, 6 жаңа станция пайдалануға берілді.

     https://sputnik.kz/