Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді.
Біріншіден, Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады.
Екіншіден, Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді.
Үшіншіден, Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.
Конституцияға енгізілетін өзгерістерді Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: atomic-energy.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через