Елімізде сапалы байланыс және интернетпен қамту ісіне мониторингті күшейту ұсынылды.
«Байланыс операторлары міндеттемесінің сақталуын ескере отырып, барлық жерде байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының мониторингін күшейту қажет. Халық пен бизнестің көптеген проблемаларының жедел шешімі осыған байланысты. Ел аумағындағы әрбір елді мекенге дейін тартылатын кеңжолақты интернет инфрақұрылымының экспозициясын айқындау қажет», - деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, интернет трафигінің жылдамдығы нақты көрсетілуі тиіс.
«Қысқа мерзімде ұлттық жобаны пысықтап, Президент Әкімшілігіне жеткізу қажет. Халық пікірін ескере отырып, барлық проблема мұқият пысықталуы тиіс. Бұл мәселені өз бақылауымда ұстаймын», - дейді Премьер-Министр.
Айта кетсек, жыл басталғалы байланыс сапасына қатысты 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото rus.azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через