Полицияны видеоға түсіруге бола ма

Полицияны видеоға түсіруге бола ма
фото: exels.com

Көлік жүргізушілерін тоқтататын кейбір полицейлер өздерін ұялы телефонға түсірмеуді сұрайды. Кеудесіндегі видеожетонды көрсетеді, я болмаса, заңды талапқа бағыну қажеттігін айтады. Бірақ заң бойынша тек белгілі бір жағдайда тәртіп сақшыларын түсіруге болмайды. Басқа уақытта ұялы телефонды емін-еркін пайдалануға рұқсат бар.

Заң не дейді

Заң бойынша жеке тұлғаларды фото мен видеоға түсіруге тыйым салынған. Контентті желіге де салуға болмайды. Ол үшін сол адамдардың келісімі керек. Алайда жол полициясын видеоға түсіруге қатысты нақты заң талаптары бар. Жол қозғалысы туралы заңның 54-бабында "механикалық көлік құралы меншік иесінің және жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері" жазылған.

"Жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуға, бұл ретте фото- және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар", - делінген 2-бөлігінің 3-тармағында.

Оған қоса, ішкі істер органдары туралы заңда полиция қызметкерлерін тергеу шаралары кезінде фото-видеоға түсіруге тыйым салынбаған. Осы заңның 6-бабына сәйкес, тәртіп сақшылары фото және видеоға үш жағдайда тыйым сала алады. 

Олар:

тергеу шаралары кезінде:

төтенше жағдайда;

терроризмге қарсы операция аймағында;

Материал sputnik.kz сайтынан алынды.