Полицейлер көгершінді клиникаға жеткізген

Полицейлер көгершінді клиникаға жеткізген
фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қолына көгершін ұстаған жігіт құсты ветеринарлық клиникаға апару туралы өтінішпен тәртіп сақшыларына жүгінген екен.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ПМУ тұрағында  құрамында полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторлары Жәнібек Шәкіров пен Әмірхан Сүлейменов болған №638 автопатруль №11 әкімшілік учаскеде патрульде жүрген. Жас жігіт жолда көгершін жатқанын, ал өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілер оған бей-жай қарамағанын және оны көлік басып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Полицейлер құсқа бей-жай қарамаған тұрғынның өтінішін жерге қалдырмады. 

– Көгершіндер – таңғажайып құстар. Бейбітшілік пен үйлесімділіктің, тыныштықтың, махаббат пен адалдықтың символы болып саналады. Клиника мамандары құсты емдейді және қайтадан табиғат аясына жібереді деген сенімдіміз, – дейді полицейлер. 

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес береді.

Сондай-ақ олар клиникадан кетіп бара жатқанда қатты аязда автобусқа кешігіп бара жатқан ер адамды аялдамаға жеткізіп тастады.

ҚазАқпарат