фото: pixabay.com
Заңгер Алексей Бажков полиция қызметкерлерінің адамды неше жастан бастап әкімшілік қамаққа ала алатындығын айтып берді.
Халық арасында тәртіп сақшыларының қандай да бір құқық бұзушылық жасаған адамды неше жастан бастап әкімшілік қамаққа ала алатындығын білетіндер некен-саяқ. Одан кейін әкімшілік қамаққа алудың ең ұзақ мерзімі қандай екендігі де көпті мазалайтын сұрақтардың бірі. Осылардың жауабын білу үшін өскемендік заңгер Алексей Бажковқа жүгінген едік.
«ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабына сәйкес әкімшілік қамауға алу 30 тәулікке дейін, ал төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 45 тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Бұл жаза жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 18 жасқа толмағандарға, бірінші және екінші топтағы мүгедек жандарға қолданылмайды», - дейді ол.
Алексей Бажковтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің елу сегіз жастан асқан әйелдерді, алпыс үш жастан асқан ер адамдарды және он төрт жасқа дейінгі балаларды жалғыз тәрбиелеп отырғандарды да әкімшілік қамаққа алуға құқығы жоқ.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через