фото: https://pixabay.com/ru/
Әкімдік облыс халқының 50%-ы ғана қысқа қамданып үлгергенін хабарлады.
Еліміздің солтүстігінде тағы да көмірге талас басталды. Петропавлдағы көмір сататын орындарда кешелі бері ұзын-сонар кезек. Әсіресе, Шұбаркөлдің көміріне сұраныс артқан. Тіпті, отынға таласқан тұрғындар мен алып-сатарлар бір-бірімен жаға жыртыса жаздады.
Шұбаркөлдің көмірін сататын орынға ала таңнан ағылған көлік санында есеп жоқ. Бір апта бұрын Петропавлдағы қоймаға небәрі 10 вагон көмір жеткізілген. Тұрғындар оны түске дейін талап әкеткен. Арасында алыс ауылдан келіп, бос қайтқандары да бар.
Көмір алуға келгендер бұл жолы да отынсыз қалудан қорқады. Биыл отынның бағасы да қымбаттаған. Былтыр бір тоннасы 16 мың теңгеге жетпейтін Шұбаркөлдің көмірі қазір 17100 теңге тұрады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через