Петропавлда алғашқы қар жауды

Петропавлда алғашқы қар жауды

 

Түнде Петропавлда алғашқы қар жауды.

Әлеуметтік желі қолданушылары көк-сары ағаштарға жауған қардың түсірілімдерін бөлісіп жатыр.

Қар басқан шатырлар, көліктер, орындықтар қыстың жақындағанын еске салады.

Петропавлда таңғы сағат 8:00-де термометр нөл градусты көрсетті. Қалада күндіз үш градус ыстық болады.

Түскі асқа дейін бұл сұлулықтың бәрі еріп кетуі мүмкін.

Биыл қыркүйек айы солтүстікқазақстандықтарды ұзақ уақыт бойы жылы, тіпті ыстық ауа райымен қуантты.

26 қыркүйек күні ауа температурасы күрт төмендеді. Апта өңірде толассыз жаңбырмен басталған еді.

Былтыр облыста алғашқы қар 28 қыркүйекте жауған болатын.