Педагогтер биылғы аттестаттаудан босатылады

Педагогтер биылғы аттестаттаудан босатылады
фото: https://pixabay.com/ru/

    Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттау келесі жылға ауыстырылды. 

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлім етті. Төтенше жағдай жарияланған өңірлердің педагогтердің білімін бағалау министрлік белгілеген жекелеген мерзімде өтеді.

Жалпы биыл жаңа ережелері бекітілген болатын. Мысалы, биылдан бастап 30 жылдан астам педагогикалық өтілі бар мұғалімдер білімін бағалаудан босатылады. Бұдан бөлек "педагог-тағылымдамашы", "педагог" санаттары алынып тасталды. Ал педагог білімін бақылау қағидаларын бұзғандар бұрынғыдай бес емес, бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.

https://bugin.kz/