Педагогтар оқулықтарды өздері таңдай алады

Педагогтар  оқулықтарды  өздері  таңдай  алады

Педагогтар  оқулықтарды  өздері  таңдай  алады

Қазақстандық педагогтар оқушыларға арналған оқулықтарды өздері таңдай алады. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша оқулықтар ғана ерекшелік  ретінде  алынады.  Бұл  оқулықтар  баршаға  бірдей  болады.

Бүгінде қазақстандық мектептерде гимназиялар, лицейлер, жалпы білім беретін мектептер үшін бірдей,  бірыңғай оқулықтар жұмыс істейді,- деді тамыз  конференциясында   Білім  және  ғылым  министрі Асхат Аймағамбетов.

"Әңгіме 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі оқулықтардың баламалылығы туралы болып отыр. Біздің ойымызша, бұл өте маңызды және педагогтердің өздері үшін ең тиімді болып табылатын оқулықтарды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды", - деп хабарлады БҒМ басшысы.

Аймағамбетов педагогтар өздерінің қажеттіліктерін ескере отырып, тапсырыстар жасауға мүмкіндіктері бар деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап барлық оқушылар күндізгі форматта оқитын болады. Алайда, мектеп ішіне тек Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бұл ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарға педагогтардың, қызметкерлер мен ата-аналардың қатарынан жол бермеуге мүмкіндік береді. Балаларға QR кодын сканерлеудің қажеті жоқ.