Павлодарда сілті ерітіндісі төгіліп, кәсіпорын жұмысшысы зардап шекті

Павлодарда сілті ерітіндісі төгіліп, кәсіпорын жұмысшысы зардап шекті
фото: https://sputnik.kz

Павлодарда сілті ерітіндісі төгіліп, кәсіпорын жұмысшысы зардап шекті

Павлодарда кәсіпорындардың бірінде сілті төгіліп, жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

31 тамызда павлодарлық кәсіпорындардың бірінің гидрометаллургия цехында 30 жастағы жұмысшы өндірістік желіні жуу кезінде сілті ерітіндісіне күйіп қалған. Салдарынан күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Оқыс оқиға "Павлодар алюминий зауытында"  орыын алған.

Алдын ала болжам бойынша құбырдан сілті төгілген.


Мәтіндегі ақпарат туралы