Павлодарда қарбыздың ішінен есірткі шықты

фото: sputnik.kz

Павлодарда есірткіні қарбыздың ішіне жасырып шекара асырмақ болған 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды.

Тексеру барысында қарбыз толы жүк көлігінен 59 келі "героин" табылған. Улы заттың нарықтағы құны 2,5 млн теңгені құрайды.

Жүк көлігі Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымақ болған. Қазіргі уақытта ескірткі қылмысына қатысы бар өзге де тұлғалар мен ұйымдастырушылары іздестіріліп жатыр.

"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндай қылмысты ұйымдастырушыға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Қазақпарат