Павлодарда қараусыз жүрген малдар пойызды шұғыл тежеуге түрткі болды

Павлодарда қараусыз жүрген малдар пойызды шұғыл тежеуге түрткі болды
фото: https://pavlodarnews.kz

Обыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 5 -29 ақпан аралығында, республика аумағында «Қауіпсіз жол»  жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.  Бұл шара көліктегі полицияның негізгі міндеті, темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін бұзушылықтарды анықтау және алдын алуды мақсат етеді.

- Жыл басынан бері қараусыз жүрген малдардың кесірінен  пойызды шұғыл тежеуді қолданудың 8 фактісі тіркелді. Барлық жағдайда малды басып кету орын алды. Темір жол бойында үй жануарларын бағу тәртібін бұзғаны үшін 13 ауыл  тұрғыны  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 559 бабы 1-тармағы бойынша жауапқа тартылса, темір жолды белгіленбеген жерден өткендігі үшін 232 азаматқа  ҚР ӘҚБтК  559 бабы 5-тармағы бойынша хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы темір жолда жүрген бөгде адамдармен, қараусыз жүрген үй жануарларының кесірінен болатын пойыздарды шұғыл тежеу фактілерінің алдын алуды көздейді. Желілік полицейлермен темір жолға жақын жатқан елді мекендерде  үй жануарларын бағу ережелерін бұзғандарды анықтау бойынша рейдттер, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

ҚазАқпарат