Павлодарда картопты тегін таратқан кәсіпкерге ел сүйсінді

Павлодарда картопты тегін таратқан кәсіпкерге ел сүйсінді

       Павлодар облысы Ақтоғай ауданында көкөніс өсірумен айналысатын кәсіпкер сұрыптаудан өтпеген ірілі-ұсақты картопты ауыл шетіне төгіп тастауда. Жергілікті тұрғындар өз қалауынша тау боп үйілген картопты топырақтан аршып әкетіп жатыр.

      Жергілікті кәсіпкер күніне 7-8 Камаз картопты ауыл шетіне әкеліп төгіп кетеді. Мұны естіп-білген ауыл халқынан бөлек, тегін картоп үшін қаладан да келушілер көбейген.

      "Мына үйілген жотаны басында топырақ екен деп қалғанмын. Сөйтсем картошка (автордың стилі сақталған - ред.еск.) екен. Павлодар облысы Ақтоғай ауданында Тереньтев деген олигарх бар. Бүкіл ауданның жеріне картоп, сәбіз егеді. Мынау сол лентадан өтпеген, топырақ араласқан картошкалар. Ауылдың шетіне әкеп, төгіп тастайды. Күніне жоқ дегенде 7-8 Камаз. Ауылдың халқын қойып, қаладан көлікпен келіп теріп әкетіп жатыр. Тегін! Арғы жағындағы көріп тұрғандарыңыз - көкөніс қоймасы. Экспортқа шығатындары сол қоймаға төгіледі. Ал мынау лентадан өтпеген не кішкентай, не үлкен картошкалар", - деп жазды журналист Оңғар Қабден желідегі парақшасында.

      Сондай-ақ журналист жергілікті кәсіпкердің ауылдың 500-дей адамына жұмыс беріп отырғанын атап өтті. Айтуынша, жақында Тереньтев ауылдың шетінен сүт өндіретін зауытты да іске қоспақ.

      Әлеуметтік желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетіне сүйсініп, оған жылы лебіздерін білдіруде.

      "Мықты ғой, Алла разы болсын бұл ісіне. Қоймаға тығып, саудаға шығарса да болады негізі. Бірақ халық алсын деп осылай жасағаны қандай жақсы", "Берекесін берсін", "Бәрекелді, мықты екен", - дейді желі қолданушылары. Тағы да оқыңыздар: 

Мәтіндегі ақпарат туралы